Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.89 502.56 5.19

Ақсуатта «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыруға арналған жұмыс кеңесі өтті

22-05-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат ауданында Абай облысы бойынша «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыруға арналған жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының директорлары, сондай-ақ жұмыс беруші ұйым өкілдері қатысты. Басқосуда «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жаңа маусымын ұйымдастыру, жастарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және экологиялық мәдениетті дамыту мәселелері сөз болды.

Аудан жастарына табиғатты қорғау, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді араласу ұсынылды. Кеңес барысында жұмыс берушілер мен жастар ресурстық орталықтары арасындағы ынтымақтастықты арттыру бағытында нақты жоспарлар жасалды.

«Жасыл ел» жобасы – жастарға тек маусымдық жұмыс қана емес, туған жерге жанашырлықпен қарауға, командалық жұмысқа дағдылануға мүмкіндік беретін маңызды бастама.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив