Туризм және спорт министрі Қытайдағы спорт нысандарымен танысты

Фото: olympic.kz
Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытайға ресми сапары аясында Харбин қаласындағы жетекші спорт нысандарын аралады.
Министр алдымен қысқы спортқа маманданған Хэйлунцзян кәсіби институтына барып, мұнда жаттықтырушылар, спорттық іс-шара менеджерлері, фитнес және оңалту саласындағы мамандар даярланатынын көрді.
Одан кейін қысқы Азия ойындарының коньки жарыстары өткен мұз аренасын аралап, кешеннің инфрақұрылымы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ Хэйлунцзян провинциясының үстел теннисі залы мен «Цюаньли» ұлттық дайындық базасын көрді. Бұл жерде Қытайдың атақты спортшылары Ван Маньюй мен Сюй Иньбинь жаттыққан.
Сапар қорытындысында тараптар спорт инфрақұрылымы, кадр даярлау және спортшыларды оқыту бойынша ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдірді.