Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.84 579.7 6.39

ҚР Сауда министрлігі мен Халықаралық валюта қоры сауда және макроэкономикалық талдау саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 21 мамырында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясының өкілдерімен кездесу өтті. Делегацияны Қазақстан бойынша жаңадан тағайындалған жетекші, Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің Орталық Азия елдері басқармасының басшысы Әли Әл-Эйд мырза бастап келді.

Кездесуде сауда және интеграция министрлігінің өкілдері Халықаралық валюта қорына сындарлы әріптестік үшін, әсіресе Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия бойынша ХВҚ-ның Өңірлік әлеуетті дамыту орталығы (CCAMTAC) арқылы көрсетіліп жатқан техникалық көмек үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстанның сауда саясаты мен сыртқы экономикалық қызметіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. 2024 жылғы қыркүйек–қазан айларында жарияланған елдік шолуда ХВҚ еліміздің сыртқы сауда тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі басымдықтарды айқындаған болатын.

Министрлік өкілдері ХВҚ делегациясы қойған Қазақстанның қазіргі сыртқы сауда ахуалы мен оның даму перспективаларына қатысты сұрақтарға нақты жауап берді.

Сондай-ақ, Қазақстан жаһандық сауда жүйесінің белсенді қатысушысы болып қала беретіндігі және экономиканы әртараптандыру, экспорттық әлеуетті арттыру, жаһандық құн тізбектеріне интеграциялану бағытында дәйекті қадамдар жасап отырғаны атап өтілді. Халықаралық логистикада туындап отырған тұрақсыздық пен тасымалдау құнының жоғары болуы жағдайында Қазақстан көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТМТМ) секілді ірі халықаралық дәліздерді дамытуға белсенді түрде инвестиция салуда.

Кездесу соңында тараптар ХВҚ-мен техникалық ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, сауда, кедендік реттеу және макроэкономикалық талдау салаларындағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив