Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады

23-05-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Алдағы жылдары жолдардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау үшін өңірлерде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі орнатылады. Бұл құрылғылар қалаларға кіреберіс жолдарда, карьерлердің маңында және қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерде орнатылады. Ауыр жүк көліктерін өлшеу автоматты түрде қозғалыс барысында жүзеге асырыла береді. Бұл туралы Марат Қарабаев азаматтарды жеке қабылдау барысында мәлім етті.

Көлік министрі азаматтарды жеке қабылдады. Көлік саласына қатысты түрлі мәселелер бойынша 20 тұрғын жазылып, қабылдауға келді. Қойылған сұрақтар өңірлердегі автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына, инватакси санын көбейтуге, қоғамдық көлік пен жолаушы вагондары паркін жаңартуға, сондай-ақ жөнделіп жатқан учаскелердің сапасын бақылауға қатысты болды.

Марат Қарабаев жолаушылар тасымалына арналған вагондар паркі жыл сайын және жүйелі түрде жаңартылып жатқанын атап өтті. Биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив