Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.84 579.7 6.39

Қазақстан мен Таиланд цифрлық және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Таиланд Корольдігінің Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Таиланд Корольдігінің Цифрлық экономика және қоғам министрлігі арасында цифрлық және ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Рәсімге Қазақстанның Елшісі Арман Исетов пен Таиландтың Премьер-Министрінің орынбасары – Цифрлық экономика және қоғам министрі Прасит Чантаравонгтонг қатысты.

Құжатқа қол қойылуы жоғары технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Рәсім барысында Елші А. Исетов цифрландыру кез келген ел экономикасының негізгі элементі екенін атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық даму – бұл жай ғана үрдіс емес, бұл – экономикалық тұрақтылыққа, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке және азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін стратегиялық басымдық.

Қол қойылған құжат аясында Қазақстан мен Таиландтың бірлескен күш-жігері ақпараттық технологияларды қолданудағы озық тәжірибе алмасу, электрондық денсаулық сақтау, қашықтан оқыту және цифрлық мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында кең мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар, IT-парктер, академиялар және инновациялық орталықтар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Аталған құжат екі елдің инновациялар, білім және технологиялар негізіндегі орнықты цифрлық болашақ құруға деген ұстанымын көрсетеді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1001995?lang=kk 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив