Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Аймақ басшысы Қабанбай ауылындағы музейдің жұмысымен танысты

26-05-2025, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли Мақаншы ауданына жұмыс сапары барысында Қабанбай ауылындағы музейде болды.

Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарайтын екі қабатты мәдени нысанның жалпы қорында үш мыңға жуық жәдігер бар. «Үржар ханшайымы», «Археология», «Киелі жерлер», «Қабанбай батыр», «Этнография», «Көшпелі халықтардың мәдениеті», «Табиғат» залдары өңір тарихынан сыр шертеді. Аймақтағы киелі орындар, археологиялық қазбалар кезінде табылған құнды заттар, қазақ халқының дәстүрлі тұрмысы мен рухани мәдениетіне қатысты бұйымдар мен материалдар мұнда кеңінен қамтылған.

Музейді аралау барысында облыс әкімі ерекше тарихи жәдігер Үржар ханшайымына назар аударды. Мәдени мұраның көшірмесі бүгінде Өскемен қаласында сақтаулы. Аймақ басшысы екі облыс бөлінген кезде Шығыс Қазақстан облысының музей қорында қалып қойған аймаққа тиесілі көптеген құнды тарихи-мәдени жәдігерлерді өңіріміздегі тарихи өлкетану музейге әкелу керектігін, ал Үржар ханшайымының көшірмесін Мақаншыдағы музейге жеткізу қажеттігін айтты.

Облыс әкімі музейге барғанда Қабанбай ауылының ақсақалдарымен кездесіп, Мақаншы ауданының дамуына қатысты ойларымен бөлісті.

«Президентіміз «Жаңадан құрылған облыстарға, шекаралық аймақтағы аудандарға көмектесуіміз керек» деп тапсырма берген болатын. 17 мамырда облыстың даму жоспарын жария еттім. Алдағы жылдары облысымыздың аудан-ауылдарында не істелетінін айттым. Соған сәйкес өңірімізде кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар қолға алынады»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив