Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Мемлекет басшысы Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдады

26-05-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесуде Қазақстан мен Жасыл климат қорының ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз қоршаған ортаны қорғауға, соның ішінде орман қорын сақтау мен көбейтуге, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Қазақстан келесі жылы Аймақтық климат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – өзекті мәселелердің шешімін бірлесіп іздеу, табиғат өзгерістеріне бейімделу, азық-түлік пен су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өз кезегінде Мафальда Дуарте климат проблемаларын шешуге бағытталған Қазақстанның күш-жігеріне қолдау білдіріп, Ұлттық бейімделу жоспарының орындалуына жоғары баға берді. Табиғат апаттарының тәуекелдерін басқару және ерте құлақтандыру жүйелерін енгізуді қарастыратын аталған жоба Жасыл климат қорының және БҰҰ Даму бағдарламасының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында табиғатты аялау және қоғамның экологиялық мәдениетін жетілдіру маңызды екені айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив