Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мәжілісте Франциямен парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды

27-05-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліске Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге келді. Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов дипломатпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жылдан астам уақыт өтті. Асхат Рақымжанов осы жылдар ішінде елдер арасындағы ынтымақтастық стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін атап өтті.

– Мұндай ынтымақтастық сенімді әрі тұрақты диалогқа, сондай-ақ мемлекетаралық байланысты кеңейтуге негізделген. Франциямен екіжақты қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі парламентаралық ынтымақтастық екенін атап өткім келеді. Біз Парламент деңгейінде достық және өзара тиімді байланысты одан әрі нығайтуға мүдделіміз, – деді депутат.

Сондай-ақ ол депутаттардың француз әріптестерімен медицина, экология, қорғаныс өнеркәсібі және басқа да салаларда заң шығару тәжірибесімен алмасуға ниетті екенін хабарлады.

Өз кезегінде Франция Елшісі Парламентте өкілдік ететін саяси партиялармен қарым-қатынас орнатуға ерекше көңіл бөлетінін, осы орайда екі ел депутаттары арасындағы көпір болуға дайын екенін жеткізді.

 Сөз соңында тараптар достық топтары, партиялар мен комитеттер аясында парламентаралық байланысты кеңейту арқылы ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив