Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Табиғи жанғыш газды пайдалану және тасымалдау бойынша ЕАЭО техрегламентіне өзгеріс енгізілді

27-05-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 23 мамырдағы отырысында «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне өзгерістер енгізді.

Бұл өзгерістер кәсіпкерлік қызметке артық кедергілерді жоюға және табиғи газдың сәйкестігін бағалау практикасының проблемалық мәселелерін реттеуге бағытталған.

Техникалық регламентте сәйкестікті бағалау және өнімді Одақ нарығына шығару рәсімдері нақтылап көрсетілген, сондай-ақ кейбір терминдер, анықтамалар мен формулалар нақтыланған.

Газ жеткізушілерге газ сапасының паспорты рәсімделген кезде ЕАЭО елдерінің заңнамасына сәйкес келетін ағындық (өндірістік) өлшеу құралдарын (яғни, ағында қозғалыстағы өнімнің көрсеткіштерін автоматты режимде үздіксіз өлшеуге арналған құралдар) қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жағдайда сынақтарды өз зертханасында, жеткізушінің ағындық өлшеу құралдарымен немесе Одақтың бірыңғай тізілімінде тіркелген аккредиттелген зертханада өткізу балама нұсқалар ретінде ұсынылады.

Сонымен қатар, техникалық регламенттің қолданылу аясынан тек өндірушінің өз қажеттіліктері үшін пайдаланылатын табиғи газ, сондай-ақ үшінші елдердің тұтынушыларына транзиттік тасымалдау үшін шетелде өндірілген газ алынып тасталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив