Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейлік оқушылар әскери бөлімде болды

28-05-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының №18, 19, 21, 41, 42, 48 жалпы орта білім беру мектептерінің 10 сынып оқушыларына арналған жиынның бір күні  31767 әскери бөлімінің аумағында өтті. Әскери бөлімнің тұрмыс-тіршілігімен танысуға 60-тан астам оқушылар қатысты. Олар бұл жиыннан мол сабақ алып, мамандық таңдау маңызды іс екенін ұғынды.

Бес күндік жиынның негізгі мақсаты – Қарулы Күштердің мәртебесін арттыру, оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Шара барысында 31767 әскери бөлімінің сержанттар құрамы оқушылармен жауынгерлік даярлық барысындағы өткізілетін тәжірибелік сабақтар жүргізді. Атап айтсақ, саптық дайындық, АК-74 автоматын шашып-жинау, алғашқы медициналық көмек көрсету, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану сынды бірқатар әскери дайындық бойынша сабақтарға қатысты. 

Болашақ отан қорғаушыларды мектеп кезінен тәрбиелеу – ол жалпыға ортақ міндет. Осындай өзара ұйымдастырылған шаралар арқасында оқушылар әскердегі тәртіп пен жауапкершіліктің атмосферасын сезінеді, - дейді 31767 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Дамир Исаков. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив