Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.81 578.59 6.51

Досжан Мұсалиев ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды

29-05-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Досжан Уалдинұлы Мұсалиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады.

1985 жылы дүниеге келген.

2002–2007 жылдары — Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің академиясын бітірген. Мамандығы – телекоммуникациялық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігі.

2012–2014 жылдары — Қазақ гуманитарлық-заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

2021–2023 жылдары — Назарбаев Университетін бітірген. Мемлекеттік басқару магистрі (MPA).

2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында ақпараттық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар салаларында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив