Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Жанар Досаева ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды

29-05-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Жанар Рысбайқызы Досаева Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1974 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің Талдау, мониторинг және жастар саясаты бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2008–2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, Жинақтау-талдау басқармасының басшысы.

2014–2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Ақпараттық-талдау жұмысы департаментінің директоры, жинақтау-талдау бөлімінің бастығы.

2017–2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры. 

2019–2025 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі.

2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив