Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Мемлекет басшысы Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті

30-05-2025, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Астана халықаралық форумы алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Институтқа еліміздің көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы мен Арал теңізінің құрғаған табанын экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру бағдарламасына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Пан Ги Мун Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жұмсаған күш-жігерін қолдайтынын, жаһандағы экологиялық бастамаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив