Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Мемлекет басшысы Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады

30-05-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті.

Президент компанияның еліміздегі цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойғанын жеткізді. Аталған стратегия тіршіліктің барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді көздейді. Ол үшін еліміз цифрлық және коммуникациялық инфрақұрылымға, сондай-ақ есептеу қуатын арттыруға белсенді түрде инвестиция құйып жатыр.

Патрик Ворнкинг жасанды интеллектіні пайдаланып, цифрлық келешекке жол ашу үшін инфрақұрылым әзірлеу және маман даярлау ісінде Қазақстанның қол жеткізген табысына жоғары баға берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив