Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
465.01 543.55 6.15

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады

30-05-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Әңгімелесу барысында зияткерлік меншік саласындағы Қазақстанның әлеуетін арттыруға, экожүйені нығайтуға және орнықты білім экономикасын құруға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев болашаққа бағдарланған интеллектуалды меншіктің берік негізін қалауда Ұйым еліміздің ең басты серіктесі екенін атап өтті.

Қазіргі кезде зияткерлік меншік құрамдас бөлігі бар Ұлттық инновациялық стратегияны әзірлеу жобасы іске қосылды. Бұл ғылыми зерттеулерді ынталандыруға, озық технологияларды дамытуға және жағымды инновациялық орта қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстан Ұйыммен бірлесе отырып, Технология мен инновацияны қолдау орталығы жобасын жүзеге асырады.

Дарен Танг елімізде қабылданған шаралардың нақты нәтиже беріп жатқанын айтты. Былтыр Қазақстан Жаһандық инновациялық рейтингтегі орнын жақсартқан болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив