Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.1 583.64 6.5

Француз компаниясы Қазақстан су инфрақұрылымын жаңғыртуға қызығушылық танытты

2-06-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев SUEZ компаниясының аға вице-президенті Сильвер Делонемен келіссөздер өткізді. SUEZ – экологиялық қызметтер мен тұрақты инфрақұрылымдық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Бүгінде компанияның 40-тан астам елде өкілдігі бар.

Кездесу барысында компанияның Қазақстанда Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі талқыланды. Бүгінде Ұлттық жоба аясында еліміз бойынша 4,7 мың шақырым су құбыры мен 2,6 мың шақырым кәріз желісін жаңғырту жоспарланып отыр.

SUEZ компаниясының елімізде операциялық өкілдігі болмағандықтан, қазақстандық тарап компанияға біздің елімізде өз өкілдігін ашуды ұсынды. Бұл ұзақмерзімді ынтымақтастыққа жасалатын маңызды қадам болар еді.

Серіктестік аясында Қанат Бозымбаев су ресурстарын басқару және су тазарту технологияларын трансферттеудің, қазақстандық мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау және local content басымдықпен қолданудың өзектілігіне назар аударды.

Тараптар өзара іс-қимылдың нақты тетіктерін пысықтау үшін жұмыс тобын құруға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив