Балым Адамиденова ҚР Туризм және спорт министрінің БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды

2015 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтап, 2022 жылы осы оқу орнында «халықаралық журналистика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
Еңбек жолын 2015 жылы «Қазақстан Баспасөз клубы» ақпарат орталығында жоба менеджерінің ассистенті қызметінен бастаған.
Әр жылдары орталық мемлекеттік органдардың ведомстволық мекемелерінде, атап айтқанда, Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктерінде баспасөз қызметін басқарған. Сондай-ақ Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Төрт жылдан астам уақыт «Туристік Қамқор» қорының медиа жобаларын үйлестіруші болып еңбек етті.
Денсаулық сақтау вице-министрінің, Астана қаласы әкімінің, Туризм және спорт министрінің, сондай-ақ Оқу-ағарту министрінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.
Байланыс телефоны: 8 707 863 83 21