Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Қазақстан цифрлық трансформация және ЖИ саласындағы жаһандық рөлді күшейтуде

3-06-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Астана халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының цифрлық және перспективалық технологиялар жөніндегі арнайы өкілі Амандип Сингх Гиллмен кездесті.

Тараптар жасанды интеллектті енгізу, суперкомпьютерді құру, цифрлық инфрақұрылымның дамуын, электрондық үкімет (eGov) саласындағы табыстарды, сондай-ақ «Astana Hub» халықаралық технопаркін ашу мәселелерін және Алматыда Орнықты даму үшін цифрлық шешімдер орталығын құру бастамасын қоса алғанда, Қазақстанның технологиялық жетістіктерін талқылады.

А.Рахметуллин Қазақстанның БҰҰ-ның цифрлық күн тәртібін, соның ішінде Жаһандық цифрлық шартты және жасанды интеллектті қауіпсіз және әдепті пайдалану жөніндегі бастамаларды қолдайтынын растады.

Өз кезегінде А.Гилл инклюзивті, жауапты және орнықты цифрлық трансформацияны ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив