Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.67 582.38 6.53

Мемлекеттік білім беру грантын иеленген сарбаздардың есімдері жарияланды

3-06-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметін өтеген әскери қызметшілердің еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін мемлекеттік грант иегерлері атанғандарының тізімін жариялады.

Конкурстық іріктеуге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде белгіленген мерзімде қызметін өтеген 17 500-ден астам сарбаз қатысты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтық жоғары оқу орындарына 2010 грант, Қорғаныс министрлігінің әскери институттарына 253 орын, Ұлттық ұлан академиясына 36 орын, ҰҚК Шекара қызметі академиясына 12 орын және Төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына 3 орын бөлді.

Биылғы жылы талапкерлер таңдаған жоғары оқу орындарының рейтингінде Astana IT University, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті көш бастап тұр. Грант иегерлері арасында ең көп таңдалған мамандықтар – ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік және техникалық мамандықтар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив