Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілуде

Орталық мемлекеттік органдарда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.
Кездесулер барысында Агенттік өкілдері Резервке іріктеу талаптары мен ережелері туралы ақпарат ұсынды.
Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері Айхан Сұлтан мен Әуесхан Оспанов іріктеуге қатысу тәжірибелерімен бөлісіп, жобаның дарынды жастар үшін әлеуметтік лифт және мемлекеттік басқару жүйесінде өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндігі екенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар іріктеу мәселелері, оның ішінде оның кезеңдері мен алдыңғы іріктеулерден айырмашылықтары туралы сұрақтар қойды.
Агенттік осындай кездесулерді еліміздің барлық өңірлерінде өткізуде. Аталған шараларда әлеуетті қатысушылар іріктеу шарттарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Атап өту керек, ағымдағы жылы резервке іріктеу мемлекеттік басқарудың 6 салалық бағыты бойынша жүргізіледі. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Іріктеуге қатысу үшін өтінімді беру 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады.