Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
518.34 607.91 6.66

Алматы облысында «Amanat Drive» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

3-06-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті «Amanat Drive» атауымен қаржы пирамидасының қызметін әшкереледі.

Қаржы пирамиданың ұйымдастырушылары азаматтарға пайызсыз бөліп төлеу арқылы жылжымайтын мүлік пен автокөлік сатып алуды ұсынған.

Алайда бұл міндеттемелер толық орындалмаған, ал мүлік туыстары мен жақындарына берілген.

Нәтижесінде қаржы пирамидасы 8 мыңнан астам салымшыны тартқан, олардың жалпы салған қаражаты 21 миллиард теңгеден асқан.

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында, қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы бірнеше деңгейлі заңсыз схема жасаған. Ол өз бақылауындағы заңды тұлғаларды — «Алло, не керек» ЖШС, «i-m@rketing» ЖШС, «Gold SapaPremium» ЖШС — пайдаланған.

Аталған компаниялар жалған жеткізушілер ретінде көрсетіліп, жарнама қызметтері, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығына талдау мен болжау жүргізу секілді қызметтерді орындаған болып көрінген.

Осы жалған шарттар негізінде 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, сыртқа шығарылған.

Қылмыстық кірістер есебінен жеке тұрғын үйлер, астанада пәтерлер, сондай-ақ HUMMER H2 және Lexus LX570 маркалы қымбат автокөліктер сатып алынған. Бұл мүліктер мүмкін болатын тәркілеуден жасырыну мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке және тұтыну кооперативінің шоттарына тыйым салынды.

Қаржы пирамиданың бас ұйымдастырушысы қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив