Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Астанада Ербол Шаймерденовті еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті

3-06-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Астанада тұңғыш рәмізтанушы, публицист-жазушы, ақын Ербол Шаймерденовті еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті.

Іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құттықтау хаты оқылды.

«Ербол Шаймерденов саналы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен баспасөзінің, тіл саласының өркен жаюына, мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтауға арнаған тағылымы зор тұлға, біртуар азамат еді. Ол елтаңба, ту мемлекеттік рәміз ретінде қабылданып жатқан кезде комиссия мүшесі болып, кейін рәміздерді зерделеп-зерттеп, саланың дамуына зор үлес қосты», – делінген құттықтау хатта.

Жиында ҚР Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп тарихи тұлғаның қазақ руханиятына сіңірген өлшеусіз еңбегін атап өтті.

Конференция барысында мемлекет және қоғам қайраткерінің архивтегі бейнефильмдері көрсетіліп, ұлттық нышандар туралы өлеңдері оқылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив