Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.67 582.38 6.53

Астанада мемлекеттік рәміздердің қазіргі қоғамдағы рөлі талқыланды

3-06-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, 3 маусымда Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында «Ұстаным» ұлттық пікірталас клубының кезекті отырысы өтті. Жиын «Мемлекеттік рәміздер: біріктіруші күш және заманауи мән-мағына» тақырыбына арналды.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

Кездесуде Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, ел бірлігін нығайту және азаматтық сананы оятудағы рөлі кеңінен талқыланды. Спикерлер мемлекеттік рәміздер тарихи кезеңдерде елдің тұтастығын сақтап қалуға ықпал етіп, ұрпақтан ұрпаққа тәуелсіздік, патриотизм және жауапкершілік құндылықтарын жеткізетін символ екенін атап өтті.

Отырыс аясында қатысушылар рәміздерді жастар арасында насихаттаудың жаңа тәсілдері туралы пікір алмасты. Әсіресе, білім беру және ақпараттық құралдарды жаңғырту, цифрлық, мәдени кеңістікте мемлекеттік рәміздердің заманауи қолданысын арттыру мәселелері көтерілді. Қатысушылар бұл үдерісті өткен мен бүгінді сабақтастырып, патриотизмді саналы таңдау ретінде қалыптастыру жолы деп бағалады.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік, мәдени және ақпараттық саясаттағы орнын күшейтуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді. Бұл бастамалар ұлттық сана мен азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған келесі қадамдардың негізіне айналады.

Айта кетейік, «Ұстаным» пікірталас клубының бұл жолғы отырысы «АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» азаматтық қоғамды дамыту орталығы қызметінің стратегиялық серіктестігі аясында ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив