Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
537.91 628.87 6.6

«Көктемгі мейірім апталығы» республикалық акциясы басталды

4-04-2023, 16:47 Думан Кенжеғазыұлы

Көктемгі мейірімділік апталығы – еліміздегі волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық акция.

Бұл акция жыл сайын сәуір айының бірінші аптасында өткізіледі.

Акцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп ұйымдастыруда.

Республикалық акция аясында бүкіл ел бойынша 20 өңірлік «Birgemiz» фронт-офистерінің, сондай-ақ волонтерлер ұйымдарының қатысуымен қария адамдарға, көпбалалы  отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, сондай-ақ ЗОО баспаналарға көмек көрсету, эко сенбіліктер, ағаш отырғызу және т.б. іс-шаралар жоспарланған.

«Көктемгі мейірім апталығы» – баршамызды елімізде болып жатқан әртүрлі жағдайларға бей-жай қарамауға шақырады. Біздің әрқайсымыз елдің дамуы мен өркендеуіне жолында өз үлесімізді қосуымыз керек», - деп атап өтті республикалық волонтерлер фронт-офисінде.

Волонтерлік акцияның жоспарымен Qaznolunteer.kz бірыңғай платформасында таныса аласыздар; немесе «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің +7 708 706 42 42 нөміріне хабарласуға болады.

«Көктемгі мейірім апталығы» республикалық акциясы 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив