Абай облысында Түркияға гуманитарлық көмектерді қабылдау орны ашылды
Абай облысының волонтерлері Түркия Республикасында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады, сонымен қатар Абай облысының дәрігерлері Түркиядағы ең ауыр жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Бүгінгі күні облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшылығы дәрігерлердің тізімін бекітіп, үкіметке келісуге жіберді. Дәрігерлер құрамына табиғи апаттар аймағында жұмыс істеуге сұранысқа ие мамандар кірді. Олардың қатарында анестезиологтар, реаниматологтар, хирургтар мен терапевттер бар.
Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды.
Абай облысында гуманитарлық көмек Семей қаласы, Абай көшесі, 99 мекен-жайында орналасқан «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офисінде және Абай облысының жастар ресурстық орталығында сағат 9:00-18:00 аралығында (Абай көшесі, 102, байланыс телефоны +7 708 367 7645) қабылданады.
Жиналған гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
- Термос, қол шамы, пауэрбанк.
- Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
- Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.
Сондай ақ қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:
Заңды тұлғалар үшін:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521
Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.
Тағыда оқыңыз