Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.54 628.31 6.7

Еңбек министрлігіне жаңа вице-министрлер тағайындалды

10-06-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ертаев Асқарбек Маратұлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып, ал Шегай Виктория Вильгельмовна Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Еңбек министрлігінде өткен аппарат отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова мәлімдеп, жаңа вице-министрдің алдына бірқатар міндеттер қойды.

Асқарбек Ертаев бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған.

Вице-министр болып тағайындалғанға дейін Виктория Шегай Еңбек министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментін басқарған. Сондай-ақ, әр жылдары ол «МЖЗҚ» ЖАҚ, «БЖЗҚ» АҚ, «МӘСҚ» АҚ және Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді.

«Сіз біздің министрлікте ұзақ уақыт жұмыс істеп, ең күрделі басқармалардың бірін басқардыңыз. Вице-министр ретінде сіз азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік сақтандыру бойынша жұмысты қадағалайтын боласыз. Сондай-ақ халықты әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және инклюзивті саясатты қалыптастыруға жауапты боласыз», – деді жаңа вице-министрді таныстырған Светлана Жақыпова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив