Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Әлихан Смайылов «Шеврон» компаниясының басшылығымен кездесті

5-04-2023, 14:27 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Шеврон» мұнай-газ корпорациясының атқарушы вице-президенті Найджел Хирн және «Шеврон. Халықаралық барлау және өндіру» компаниясының президенті Клэй Неффпен кездесті. 

Қатысушылар Теңізді болашақта кеңейту және ондағы сағалық қысымды басқару жобаларын іске асыру барысын, КҚК құбыр жүйесінің өткізу қабілетін арттыру және жұмыспен қамту шараларын, сондай-ақ Қарашығанақ кен орнын игерудің өзекті мәселелерін талқылады. 

Кездесу барысында Премьер-Министр биыл «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының құрылғанына 30 жыл толатынын еске салды. 

«Теңіз жобасы – Қазақстанда 1993 жылдан бері іске асырылып келе жатқан ең табысты жобалардың бірі. Осы жылдары “Теңізшевройл” еліміздің экономикасының дамуына зор үлес қосты. Үкімет арадағы тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде «Шеврон» компаниясының өкілдері Қазақстанмен қолданыстағы және перспективалы бағыттар бойынша стратегиялық әріптестікті нығайту бойынша жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады. 

«Республикадағы алғашқы ірі инвесторлардың бірі болу – біз үшін зор мәртебе. Соңғы 30 жыл ішінде серіктестерімізбен іскерлік ынтымақтастық орнаттық. Біз өнімділікті ұлғайту бағытында үздіксіз жұмыс істей отырып, техникалық тәжірибемізді, технологиялық шешімдерімізді және инвестицияларымызды елге тарттық. Осы уақыт ішінде "Теңізшевройл" жұмыскерлерге жалақы төлеу, жергілікті тауарлар мен қызметтерді сатып алу, салықтарды және т. б. қоса алғанда, қазақстандық кәсіпорындарға $176 млрд тікелей қаржылық төлемдерді жүзеге асырды. Біз жергілікті кадрларды оқытуға және олардың кәсіби өсуіне ықпал еттік, олардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттырдық. Бүгінде қазақстандықтар ТШО-дағы 90%-дан астам лауазымға ие болып отыр», — деді Найджел Хирн. 

Кездесуге энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив