Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.44 593.15 6.52

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы $35 млрд құрайтын 133 жобаны қамтиды

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Белсенді іске асыру және дамыту сатысында тау-кен металлургия, машина жасау және басқа да салаларда жалпы құны 26 миллиард доллар болатын 79 бірлескен жоба тұр.

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков «Орталық Азия – Қытай» индустриалдық және инвестициялық ынтымақтастықтың Екінші форумында хабарлады.

Форумның негізгі мақсаты – Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды дамыту және нығайту, өзара инвестиция тарту, бірлескен өндірістер құру және өңірдің стратегиялық салаларында кооперациялық жобаларды ілгерілету.

Одан әрі вице-министр көпжақты ынтымақтастықтағы оң динамикаға және Орталық Азияның бірінші саммитінің қорытындысы бойынша елдер қол жеткізген уағдаластықтардың сапалы дамуын атап өтті.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы өнеркәсіптік кооперация 36 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 35 миллиард долларға 133 жобаны қамтиды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында жалпы сомасы 24 млрд АҚШ долларын құрайтын 58 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив