Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Биыл бірінші сыныпқа барудың тәртібі қандай?

5-04-2023, 16:30 Думан Кенжеғазыұлы

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап қабылданады. Қазір оқуға қабылдау тәртібіне белгілі бір жаңалықтар енгізілді.

Атап айтқанда, енді балаларды гимназиялар мен лицейлердің бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандарды күнтізбелік жылдың 15 маусымына дейін тапсырады. Оның мерзімін, нысандары мен міндеттерін білім беру ұйымдары дербес белгілейді. 

Осыған орай, Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы көп бейінді үш тілде оқытатын гимназиясы» КММ, «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ, «Ыбырай Алтынсарин атындағы N37 гимназия» КММ балаларды конкурстық негізде қағаз түрінде қабылдайды. Ата-аналар тікелей гимназияға өтініш беріп, конкурсқа қатысуға өтініш береді.

Абай облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Мәкия Әмірханова атап өткендей, 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталды.

– Құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Порталға өтініш беру үшін ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші, № 065/у нысанындағы медициналық анықтама, сондай-ақ баланың 3х4 см көлеміндегі сандық фотосуреті керек. Егер ата-анасы жеке өтініш қалдырғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет,– дейді Мәкия Әмірханова.

Портал арқылы жүгінген кезде қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, баланың туу туралы куәлігін (паспорт, жеке куәлік), мекенжай анықтамасын «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

- Ата-аналар баласын тұрғылықты жеріне қарамастан кез келген оқу орнына бірінші сыныпқа орналастыра алатынын есте ұстаған жөн. Өтініш беру кезінде ата-ана ескеретін көптеген факторлар бар, соның ішінде баланың интеллектуалдық қабілеті. Қалаған мектеп толып кетсе, қосымша ауысым енгізіп, толық сынып құру арқылы мәселені шешуге болады, – деді Мәкия Әмірханова.

Бұл ретте білім беру ұйымдары ата-аналарды баласын мектепке қабылдаудан бас тартуға құқылы. Бұл үш жағдайда болуы мүмкін:

• көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық болмауы;

• көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынған құжаттарының білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

• сыныптардың шамадан тыс толуы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив