Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
522.49 601.07 6.47

Іргеміздегі Көкпектіде Австралиядан келген ангустар жайылып, Германиядан келген Симменталдар сауылып жатыр

4-05-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданындағы «Елім-ай Көкпекті» және «Өрнек» секілді ірі шаруашылықтар агроөнеркәсіп саласының жаңа деңгейге көтерілгенін айқын көрсетіп отыр. 

Әлемге әйгілі ангус тұқымды сиырлардың дархан далада жайылуы – бұл салаға заманауи технология мен шетелдік тәжірибе сәтті енгізіліп жатқанын дәлелдейді.

«Елім-ай Көкпекті» ЖШС өңірде алғаш болып Өзбекстанға 700 ірі қараны экспорттаған. Бұл сыртқы нарыққа жол ашқан үлкен қадамдардың бірі. 5 мың басқа арналған бордақылау алаңы, 1700 гектар суармалы жер, жаңбырлатып суару жүйесі – аграрлық саладағы заманауи менеджменттің көрінісін паш етіп отыр.

Ал «Өрнек» ЖШС-де күніне 12-13 тонна сүт өндіру, Германиядан әкелінген симментал тұқымды сиырлар арқылы сүт өндірісін кеңейту жоспары – өңірдің сүт бағытындағы әлеуетін айғақтайды. Жаңа сүт зауытын ашу бастамасы өнімді өз өңірімізде қайта өңдеуге жол ашпақ.

Облыс әкімінің бұл шаруашылықтарға жоғары баға беруі – мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына жасалып жатқан қолдаудың нақты белгісі. Бұл ірі кешендердің тәжірибесі – басқа шаруашылықтарға үлгі болары анық.

Осындай қожалықтарды Үкімет қолдаса, ауыл шаруашылығында үлкен серпіліс болары сөзсіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив