Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Абай облысы – Қытайдағы ең ықпалды делегацияның көшін бастады

19-05-2025, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытай Халық Республикасына жасаған бүгінгі ресми сапары арқылы өңірдің халықаралық деңгейдегі беделін айқын көрсетті.

Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесінің Алтай қаласына барған делегация – саны мен мазмұны жағынан ең ауқымдысы. Оның құрамында мемлекеттік органдар, мәслихат, бизнес, білім және мәдениет саласының өкілдері бар. Бұл – Абай облысының жан-жақты әлеуетін шетелге таныстыруға бағытталған нақты әрі кешенді қадам.

Аймақ басшысы Берік Уәлидің ШҰАӨ партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен өткізген кездесуі – стратегиялық серіктестікке жол ашатын маңызды басқосу болмақ. Сауда, инвестиция, мәдени байланыстар жөнінде нақты мәселелер күн тәртібіне қойылды.

Қытай тарапы Абай облысына ерекше ықылас танытып отыр. Біздің өңірдің басшысына алғашқы сөз кезегінің берілуі, кешкі қабылдаудағы ілтипат – құрметтің белгісі ғана емес, өзара сенім мен ықпалдастықтың көрінісі.

Өңір басшысы Берік Уәлидің бұл сапары – тәжірибелі дипломаттың мектебінен өткен, заманауи аймақ басшысының ұстанымды әрі салмақты істерінің бірі екенін айғақтайды. Ертең қол қойылатын келісімдер өңірдің экономикасы мен мәдениетіне тың серпін беретіні сөзсіз.

Бұл – Абай облысының халықаралық деңгейдегі нақты қадам жасап жатқанын көрсетеді.

Аймақ дамуы – жүйелі дипломатиядан басталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив