Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.44 593.15 6.52

Қазақстан Елшісі Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистріне сенім грамоталарын тапсырды

Бүгін, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның Қасиетті Тақ және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы Елшісі Тимур Пірімбетов Егеменді Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Фра Джон Тимоти Данлапқа сенім грамоталарын тапсырды. Салтанаты рәсім Орденнің Римдегі Магистральды сарайында өтті.

Қазақ дипломаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Кездесу барысында Т. Пірімбетов Мемлекет басшысының жетекшілігімен орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, әділ және инклюзивті мемлекет құруға бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар туралы хабардар етті. Ү.ж. қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII-ші Съезі туралы айтып берді.

Ұлы Магистр жеткізілген сәлемдер үшін шынайы алғысын білдіріп, Орденнің Қазақстанмен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Ол Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшілігінің ашылуын жоғары бағалады. Фра Дж.Т.Данлап еліміздің жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтіп, Орден делегациясының алдағы Съезге қатысуға мүдделі екенін білдірді.

Қазақстан Республикасы мен Егеменді Мальта Ордені арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1993 жылғы 4 ақпанда орнаған.

2001 жылы Қазақстанда Егеменді Мальта Ордені Елшілігінің бөлімшесі ашылды. 2025 жылдың қаңтарында Қазақстанның Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшілігі ашылды.

Егеменді Мальта Ордені 114 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынаста. Орденнің дипломатиялық қызметі оның гуманитарлық миссиясымен тығыз байланысты. Халықаралық саяси тұрғыда Егеменді Мальта Ордені бейтараптық ұстанымды ұстанады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив