Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.81 596.27 6.63

1 ГВт-тық ЖЭС құрылысы жуырда басталады

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әлемдегі жетекші энергетикалық компаниялардың басшыларымен кездесті.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов SPIC директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен Павлодар облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын (ЖЭС) және сағатына 300 МВт/600 МВт энергия жинақтау жүйесін (ЭЖЖ) салу жобасы бойынша келіссөз жүргізді. «Самұрық-Энерго» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаның құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайды. Қазіргі уақытта жобаның жер телімін рәсімдеу, іздеу жұмыстарын жүргізу секілді даярлық жұмыстары басталуға әзір.

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов энергетика саласындағы әлемдік ірі компанияларды елімізге тарту үшін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.

«Қазақстан мен Қытай стратегиялық сенімнен нақты, технологиялық тұрғыдан күрделі жобаларды жүзеге асыру кезеңіне өтті. Біздің мақсатымыз – өндірістерді жергіліктендіруді, заманауи энергия жинақтау жүйелерін және мамандарды даярлауды қамтитын толыққанды «жасыл» энергетика экожүйесін қалыптастыру. Біз аукциондар арқылы ашық әрі жария жағдай жасай отырып SPIC, CWE, Zhongbo компанияларын біздің жетістігіміздің бір бөлігі болуға шақырамыз», – деді ол.

Ал «Қытайдың Су шаруашылығы және энергетикасы халықаралық корпорациясы» мемлекеттік кәсіпорны» (CWE) директорлар кеңесінің төрағасы Вань Цичжоумен өткен жиында министр «Мойнақ» және «Тұрғын» су электр станциялары жобаларының сәтті жүзеге асқанын айтып өтті. Сондай-ақ гидроэнергетика саласында тәжірибелі компанияны жаңа су электр станциялары мен стратегиялық маңызы бар су жинақтаушы электр станцияларын (ГАЭС) салу бойынша алдағы аукциондарға белсенді қатысуға шақырды.

Zhongbo Group төрайымы Ян Цзинчжоумен кездесуде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларына инвестиция тарту мәселесі, сондай-ақ Ақтөбе облысындағы жобалар талқыланды. ҚР Энергеьика министрі өз кезегінде Қазақстанның «жасыл» энергетика нарығына қатысуға мүдделі инвесторларға институционалдық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив