Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.81 596.27 6.63

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстандағы өкілі Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті

Кеше, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) еліміздегі өкілдігінің басшысы Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті.

Ерлан Қарин өскелең ұрпақты қолдауға және оларды жан-жақты дамытуға бағытталған жүйелі мемлекеттік шаралар туралы мәлімет берді. Сонымен бірге, балалардың құқығын қорғау Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басым бағытының бірі екенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші бір жыл бұрын Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау туралы заң күшіне енгеніне назар аударды. Сарапшылардың пайымдауынша, қабылданған заңның және мемлекет жүзеге асырып жатқан нақты шаралардың нәтижесінде Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқығын қорғаудың озық заңнамасы мен пәрменді жүйесі қалыптасты. 

Мысалы, биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған жыныстық сипаттағы қылмыс саны 21,3 пайызға, ал педофилиямен байланысты қылмыс 40,7 пайызға азайған. 

Мектептерге «111» мемлекеттік байланыс орталығының QR-коды орнатылғаннан кейін балалар арасындағы зорлық-зомбылық, буллинг, күрделі психикалық-эмоциялық жағдайларды анықтау көрсеткіші артты. Биыл бес айдың ішінде 86 мыңнан астам бала аталған қызмет түріне жүгінген. Соның ішінде 2 мыңнан астам бала зорлық-зомбылықтан, буллингтен, сыныптастарымен, ата-анасымен күрделі қарым-қатынастан күйзеліске түскенін айтып көмек сұраған. Балалар өзіне өзі қол жұмсамақ болған 28 оқиға анықталып, қатердің дер кезінде алдын алған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив