Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.87 540.72 6.16

әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

18-06-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Комиссия мүшелері биыл Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жұмыстар және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің баяндамасын тыңдады. 

Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес, гуманитарлық ғылымдар, ғылым мен техника салалары бойынша 2025 жылы Мемлекеттік сыйлық алу үшін алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі анықталды. Келесі кезеңге өткен жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив