Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 566 түлегіне диплом табысталды

19-06-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 2025 жылғы түлектерге арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл 566 студент жоғары білім дипломын алды. Мерекелік іс-шара IUTH GRADUATION GALA-2025 форматында ұйымдастырылды.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті – туризм саласында халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандар даярлайтын еліміздегі алғашқы бейінді жоғары оқу орны. Биыл диплом алған 566 түлектің 85-і қазірдің өзінде жұмысқа орналасқан. Сонымен қатар 78 түлек оқуын үздік аяқтады.

Айта кетейік, былтыр университеттің алғашқы 460 түлегі диплом алған еді. Бүгінде олардың 93%-ы тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – білім беру бағдарламасының сапасы мен еңбек нарығындағы сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив