Мемлекеттік қызметшілер марафонға қатысты
Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Семей қаласында «Адал жол – таза жүрек» ұранымен марафон өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды және мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен спорттық шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті, спорт және дене шынықтыру басқармасы, «Сана» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Жарыс Абай атындағы халықаралық әуежайы аумағында өтті. Марафонға Семей қаласындағы мемлекеттік мекемелерден 150 адам қатысты. Олар 5 және 10 шақырымға жүгіріп, бақтарын сынады.
Марафонның ашылуына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Марафон қорытындысында әр санат бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жеңімпаздар диплом және медальдармен марапатталады. Сонымен қатар, мәреге белгіленген уақыт ішінде жеткен алғашқы 30 қатысушыға естелік финишер медальдары табысталады.