Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Shakarim university — ғылыми ілгерілеу мен білім беру инновацияларының орталығы

Кеше, 13:10 SHAKARIM UNIVERSITY

Шәкәрім университеті — Абай облысының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі. Мұнда академиялық дәстүрлер мен заманауи ғылыми тәсілдер үйлесімді сабақтасып, сапалы білім мен терең ғылымның қайнар көзіне айналған. Университет тек зияткерлік ұлт қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар еліміздің әртүрлі салалары үшін жоғары білікті кадрлар дайындап, іргелі ғылыми зерттеулермен айналысады.

2014 жылдан бері «Тамақ технологиясы» кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарамын. Қазіргі таңда 6В07202 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби пәндерден сабақ беремін. Менің басты миссиям Білім алушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды ғылымға баулу, зерттеушілік қабілеттерін ояту. Себебі бүгінгі заманда теориялық біліммен қатар, тәжірибелік және ғылыми ойлау дағдылары да аса маңызды.

Кафедра «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мен «Тамақ қауіпсіздігі» бағыттарында үш деңгейлі білім беру жүйесін жүзеге асырып келеді: бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша мамандар даярлайды. Оқу үдерісі білім алушыларының шығармашылық және инновациялық ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Кафедраның ғылыми жобалары аясында білім алушылар өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысып, тағам сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған зерттеулер жүргізеді.

Кафедраның өміріндегі ерекше, әрі тарихи сәттің бірі 9 сәуірде ашылған заманауи «Тамақ өнімдерін физика-химиялық әдістермен талдау» зертханасыныңресми ашылуы өтті. Бұл зертхана техника ғылымдарының докторы, профессор Құмарбек Жүнісбекұлы Әмірхановтың құрметіне атауы берілген. Құмарбек Жүнісбекұлы өз саласының көрнекті ғалымы, ол тамақ технологиясы ғылымының дамуына, жас ғалымдар мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Зертхана дипломдық, диссертациялық және ғылыми жұмыстар жазу барысында сараптамаларды орындауға арналған, нақты тәжірибе алуға мүмкіндік беретін жаңа ғылыми орталыққа айналды.

Бұл зертхана ғылымның сабақтастығын бейнелейтін, ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайтатын орын. Заманауи жабдықтармен жабдықталған зертхана білім алушыларға терең ғылыми ізденістер жүргізуге үлкен мүмкіндік беріп, оларды халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптастырады.Осы мақсатта университет заманауи зертханалармен қатар, ғылыми ой-пікір алмасуға жағдай жасайтын әртүрлі академиялық іс-шараларды жүйелі түрде ұйымдастырады.

Университет ғылыми және академиялық орта құруға айрықша назар аударады. Халықаралық форумдар, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен студенттік симпозиумдар өткізу дәстүрге айналған. Бұл алаңдарда білім алушылар мен оқытушылар өз зерттеулерін ұсынып, ғылыми қауымдастықпен пікір алмасады, кәсіби байланыстар орнатады.

Сондай-ақ университет қабырғасында тамақ өнімдерін өндіру мен сапасын бақылаудың инновациялық әдістеріне бағытталған ғылыми жобалар жүзеге асырылуда. Бұл университеттің ғылыми зерттеулердің алдыңғы қатарында болуына және алынған нәтижелерді нақты өндірісте қолдануына мүмкіндік беріп, Қазақстанның тамақ өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосуда. Айта кетерлігі, университеттің тамақ өнімдерін өндіру мен сапасын бақылаудың инновациялық әдістеріне бағытталған ғылыми жобалары профессорлық-оқытушылық құрамның жүйелі жұмысы мен ғылыми инфрақұрылымды дамытуға бағытталған тұрақты инвестициялармен үйлесім тауып, Шәкәрім университетінің ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі беделін одан әрі арттырып келеді.

Шәкәрім университетінде еңбек ету бұл елдің ғылымы мен біліміне нақты үлес қосып, Қазақстанның зияткерлік болашағын бірге қалыптастыруға бағытталған жауапты әрі абыройлы миссия.

Автор: Шәкәрім университеті «Тамақ инженериясы зерттеу мектебінің»,«Тамақ технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, PhD Кулуштаева Ботакоз Манарбековна

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив