Қазақстан Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесінде экологиялық шешімдерді ұсынды

2025 жылғы 19 маусымда Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Орталық Азия елдерінен мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылымның және үкіметтің емес ұйымдардың өкілдерін біріктірген Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық экологиялық көрмесі басталды.
Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Әзиз Абдухакимов Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен бірлесіп Eco Expo Central Asia 2025 халықаралық көрмесін салтанатты түрде ашты.
Іс-шара аясында Қазақстан ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық көрме павильонын таныстырды. Экспозиция мыналарды қамтиды:
- қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша инновациялық жобалар;
- қоршаған ортаны бақылау саласындағы экологиялық стартаптар мен шешімдер;
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» АҚ, NCOC сияқты ірі өнеркәсіптік компаниялардың технологиялары мен бастамалары.
Павильонның басты назары «жасыл» өсу, айналмалы экономиканы дамыту және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту жөніндегі ұлттық стратегияларды іске асыру шеңберінде Қазақстанның практикалық қадамдарын көрсетуге аударылды.
Қазақстанның экспозициясы тұрақты даму саласындағы ұлттық стратегияларды іске асыру бойынша нақты қадамдарды, оның ішінде айналмалы экономикаға көшуді, жаңартылатын энергия көздерін енгізуді, жасыл технологияларды дамытуды және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуды көрсетеді.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Е. Нысанбаев көрме жұмысының басталуы Өзбекстан мен Қазақстанның ұзақ мерзімді экологиялық әріптестікті қалыптастыру бағытына ортақ міндеттемесінің символына айналғанын атап өтті. Ол озық тәжірибе алмасуда, инновациялық шешімдерді дамытуда және жасыл бастамаларды бірлесіп іске асыруда өңірлік ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Көрме 2025 жылдың 21 маусымына дейін жалғасады.