Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

БҰҰ қарусыздану бағдарламасының стипендиаттары Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне келді

Кеше, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ қарусыздану саласындағы стипендиаттарымен кездесу өтті.

БҰҰ Қарусыздандыру мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен жыл сайын жүзеге асырылатын бағдарлама әлемнің түрлі елдерінен келген және кәсіби қызметі қарусыздану және таратпау мәселелерімен байланысты болатын болашақ мамандарды даярлауға бағытталған.

Кездесу барысында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының өкілдері еліміздің ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруын таратпау саласындағы саясаты туралы ақпарат ұсынды. Халықаралық қауіпсіздік саласындағы Қазақстанның негізгі бастамалары мен жаһандық тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

19-22 маусым аралығында өтетін сапар аясында стипендиаттар Абай облысындағы Курчатов қаласына барып, Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының жұмысымен танысады, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағына барады.

Бұл сапар Қазақстан аумағында ұйымдастырылатын бағдарлама аясындағы жетінші іс-шара болды. Бұған дейін осындай танысу сапарлары 2013, 2015, 2017, 2019, 2022 және 2023 жылдары өткен болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив