Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
458.87 535.09 5.42

Шекарасыз HR-трансформация: Қазақстан мен Сьерра-Леоне мемлекеттік қызметті жаңғырту шараларын талқылады

21-06-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

GovHR халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай мен Сьерра-Леоне Республикасының Адами ресурстарды басқару кеңсесінің Бас директоры Ансу Такер мырзаның екіжақты кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында Дархан Жазықбай Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қызметті дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы кеңінен айтып берді. Ол әсіресе кадрлық процестерді цифрлық трансформациясы, мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі ашықтықты арттыру және халықпен жұмыс істеудің сервистік-модельдік тәсілін енгізу бағыттарындағы жетістіктерге ерекше назар аударды.

Ансу Такер мырза Қазақстанның HR процестерді цифрландыру саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, e-Qyzmet жүйесін енгізу тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив