Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Батыр шекарашыларды еске алу – ұрпақ парызы

Бүгін, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы Жеңіс саябағында естелік іс-шара өтті.

2025 жылғы 22 маусымда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Жеңіс саябағында ерекше мазмұнды патриоттық іс-шара өтті. Бұл күн – тарих парағында сұрапыл соғыстың басталған күні ретінде ойып жазылған. Дәл осы күні, 1941 жылы, Кеңес Одағының батыс шекарасында алғашқы болып жауға қарсы тұрғандар – шекарашылар еді. Олар ерен ерлік көрсетіп, мемлекеттік шекараны жанкештілікпен қорғап, Жеңістің бастауы болған.

Салтанатты рәсім барысында мемлекеттік шекарада ерлікпен қаза тапқан батыр шекарашылардың рухына тағзым жасалып, Жеңіс саябағындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтары мен венок қойылды. Сап түзеген сарбаздар мен ардагерлер ерліктің мәңгі өшпейтінін көрсетті.

Іс-шараға Абай облысы бойынша «Застава Тарландары» шекарашы ардагерлер ұйымының мүшелері арнайы қатысты. Олармен бірге жас буын шекарашыларға өнеге болатын тағылымды сөздер айтылды.

Жиналған қауым алдында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Ахметов Асхат Болатович сөз сөйледі. Өз сөзінде ол:

– Қаншама боздақ шекара шебінде жанын беріп, ұрпаққа бейбіт күн сыйлады. Біз бүгін олардың рухына тағзым етіп, мәңгілік есімдерін жадымызда жаңғыртып отырмыз. Шекарашының ерлігі – елдіктің белгісі, – деп атап өтті.

Сондай-ақ, Абай облысы бойынша «Застава Тарландары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, запастағы подполковник Еркешов Анарбек Еркінович те сөз сөйлеп, тарихи жадының маңызын атап өтті. Ол шекарашы ардагерлердің даңқты жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау – басты міндет екенін жеткізді.

Бұл іс-шара жас буынға отансүйгіштік пен ерлік рухын сіңіруде, шекарашылардың тарихи ерліктерін дәріптеуде үлкен рөл атқарды. Елі мен жері үшін қасық қаны қалғанша күрескен батыр шекарашылардың есімі ел жадында мәңгі сақталатыны сөзсіз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив