Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Кеңейтілген кеңесте бюджет қаражатын тиімді игеру мәселесі қаралды

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңейтілген кеңесте 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 5 айдағы бюджеттің игерілу мәселесі қаралды. Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенова, Қаржы басқармасының басшысы Гүлфайрус Серікболова баяндады. Жиында өңдеу өнеркәсібі, инвестиция тарту, ішкі сауда, тау-кен өндірісі және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспардың тиісті деңгейде орындалмай жатқаны атап өтілді.

Аймақ басшысы Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер Мемлекет басшысының қатысуымен қаралатынын еске сала отырып, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тапсырмаларды орындамаған әкімдер мен басқарма басшыларына қатаң шара қолданылатынын айтты. Осы ретте Кәсіпкерлік басқармасына аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп инвестиция көлемін, оның ішінде жеке инвестиция үлесін ұлғайту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы басқармасына аграрлық көрсеткіштерді, ал Құрылыс басқармасына тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарын орындау шараларын жедел қолға алуды жүктеді.

Сонымен қатар, облыс әкімі барлық аудан және қала әкімдеріне бірінші жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша межеленген жоспарға толық қол жеткізу үшін шұғыл шаралар қабылдауды міндеттеді. Бюджет кірістері мен шығыстарын уақтылы және сапалы орындау, басқармаларға бөлінген қаражатты тиімді игеру мәселесі де қатаң бақылауға алынатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив