Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.26 602.13 6.62

Мәжілісте қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу мәселесі талқыланды

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен «Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу тетігі ретінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бөлігінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарын орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға депутаттар, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктері және «Жасыл Даму» акционерлік қоғамы басқармасының өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты.

Елімізде «жасыл экономикаға» көшу аясындағы негізгі мақсаттың бірі – қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесін дамыту. Бұл қалдықтарды өңдеу деңгейін арттырып, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қолдауды көздейді. Осы мақсатта арнайы ынталандыру тетіктері де қарастырылған.

Отырысты ашқан комитет төрағасы Еділ Жаңбыршин 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) заң жүзінде бекітіліп, «ӨКМ Операторы» ЖШС құрылғанын атап өтті.

– Бұл серіктестік өндірушілер мен импорттаушыларды өз өнімдері қолданылғаннан кейінгі қалдықтарды жинап, өңдеуге жауапты. Қазір ол функцияны «Жасыл Даму» АҚ атқарып жатыр. Компания қайта өңдеуге арналған утилизациялық алымды жинау және оны басқару жұмыстарын жүргізуде. Алайда осы салада әлі де шешілмеген мәселелер бар. Мысалы, қалдықтардың әр түріне байланысты нақты есептеу әдістері мен көрсеткіштер әлі қалыптаспаған. 2022 жылы «ӨКМ Операторы» таратылғаннан кейін, оның орнына келген жүйе толық қалыптасып үлгермеді, – деді депутат.

Жиында сөз сөйлеген Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев қазіргі уақытта өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін (ӨКМ) жеке жүйе арқылы орындауды реттейтін жаңа бұйрықтар бекітілгенін,  бұл бизнес қауымдастықпен кеңінен талқыланып, олардың пікірі ескеріле отырып қабылданғанын айтты.

– Негізгі өзгерістер қалдықтарды жинау және тасымалдау үшін қабылдау пункттерін жалға алуға рұқсат беруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қайта өңдеу және өндіру желілерінің меншік құқығында болуы талап етіледі. Ал қалған инфрақұрылымды өзге құқық негізінде пайдалануға болады. Қажет болған жағдайда көмекші операцияларды (қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу) жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған. 2027 жылдан 2032 жылға дейін кезең-кезеңімен өнімнің (тауардың) массасынан қайта өңдеу үлесін 40 пайызға дейін ұлғайту көзделген, – деді вице-министр.

«KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі Қазақстан қауымдастығы басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов өндірушілер мен импорттаушылар үшін міндеттемелерді орындауды жеңілдетудің маңыздығына тоқталды. Оның айтуынша, осы мақсатта қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жұмыстарына мердігерлерді тартуға рұқсат беру ұсынылады.

Отырыс барысында Мәжіліс депутаттары біраз мәселе көтерді. Атап айтқанда, қайта өңдеу нормативтері нарықтың нақты жағдайына сәйкес емес және тым жоғары қойылған. Тұрмыстық қалдықтарға арналған мақсаттық индикаторлар әмбебап стандарт ретінде қолданылған. Қалдық нарығы бойынша жеке түрлерге талдау жоқ. Сонымен қатар Қазақстандағы қайта өңдеу қуаттарын бағалау жүргізілмеген. Депутаттарың айтуынша, бұл ӨКМ логикасын бұрмалап, ынталандыруды фискалдық жинақтармен алмастырады.

Отырысты қорытындылаған Еділ Жаңбыршин қазіргі уақытта Мәжілісте депутаттардың бастамасымен Экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасы қаралып жатқанын, жиында  көтерілген ұсыныстар заң жобасын қарау барысында ескерілетінін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив