Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.5 601.62 6.61

Coca-Cola İçecek A.Ş. Қазақстанда өндірістік қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Кока-Кола Алматы Боттлерс» бірлескен кәсіпорнының (Coca-Cola İçecek A.Ş. Kazakhstan) Орталық Азия және Кавказ өңірі бойынша аймақтық директоры Гюзель Эрдинчпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы өндірістік қызметін кеңейту және инвестиция көлемін арттыру мәселелері талқыланды.

Министр компанияның дамуының оң динамикасын және ел экономикасына қосқан үлесін атап өтіп, алкогольсіз сусындарға сұраныстың артып келе жатқанын жеткізді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 3%-ға өсіп, 2 485,7 млн литрді құрады (2023 жылы – 2 414,2 млн литр).

2024 жылы 436,6 мың тонна өнім 201,2 млн АҚШ долларына экспортталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда табиғи түрде 12,2%-ға артық. Ал импорт 0,2%-ға төмендеп, 393,4 мың тоннаны (208,5 млн АҚШ доллары) құрады. 2024 жылы өндірілген өнімнің жалпы құны 920,4 млрд теңгеге жетті.

Coca-Cola İçecek A.Ş. Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Компания Алматы облысында, Астанада және Шымкентте орналасқан үш өндірістік алаңда газдалған сусындар, салқын шай, су және шырындар өндіреді. Өндірістік қуаттылығы жылына 1 млрд литрден астам сусын шығаруға мүмкіндік береді.

Компания ел экономикасына осы жылдар ішінде шамамен 106 млрд теңге инвестиция құйды. Гюзель Эрдинчтің айтуынша, компания негізгі салаларды дамытуға, өндірістік қуаттарды кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және орнықты өсу үшін инновациялық технологияларды енгізуге өз үлесін қоса беруді жоспарлап отыр.

Кездесу соңында Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрлігі саланы орнықты дамытуға, технологиялық жаңғыртуға, экспорттық әлеуетті кеңейтуге және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив