Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.5 601.62 6.61

V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебінің жұмысы аяқталды

Бүгін, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Birgemiz: areket yaqyty» стратегиялық серіктестігі аясында Ұлттық фронт-кеңсе ұйымдастырған V Республикалық Жазғы волонтерлер мектебі өз жұмысын аяқтады.

Аталмыш мектеп 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында елімізде волонтерлік қоғамдастықты қалыптастыруға арналған маңызды алаң ретінде танылды. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтарды әлеуметтік маңызы бар бастамаларға жұмылдыру, олардың құзыреттілігін арттыру және волонтерлікке деген қызығушылықты күшейту.

2025 жылғы Жазғы мектеп Қазақстанның әр өңірінен келген белсенді азаматтарды біріктіріп, тәжірибе алмасуға, оқуға және волонтерлік бағыттағы серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік берді. Оқу сессиялары мен тренингтер барысында қатысушылар кәсіби және тұлғалық дағдыларын жетілдіріп, өз жобаларын жүзеге асыруға қажетті құралдарды меңгерді.

Мектеп аясында бұған дейінгі жылдары осы алаңда білім алған, бүгінде өз өңірінде әлеуметтік жобалар мен ауқымды іс-шараларды табысты жүзеге асырып жүрген үздік түлектердің жетістіктері де сөз етілді. Бұл бастамалар тек мемлекеттік емес, сонымен қатар үкіметтік емес құрылымдардың да қолдауымен іске асқан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив