Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
455.86 528.84 5.25

Еңбекминінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды

6-04-2023, 13:43 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау басталды.

Ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің нормативтік-құқықтық актілері мен ұйымдық-басқару қызметі талданады. Тексеру ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті адамдар талдау анықтамасын дайындайды, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив