Облыс әкімі полиция қызметкерлерін құттықтады
Семейдегі Абай театрында Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, осы саланың қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
«Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін – ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген тәртіп сақшыларына құрмет көрсететін күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сіздер заң мен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер. Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды», – деп өздеріңіздің табанды еңбектеріңізді ерекше атап өткен болатын. Полиция қызметкерлері – төзімділік пен табандылықты, алғырлық пен батылдықты талап ететін қиындығы мол қызметті абыроймен атқарып келеді. Қоғамдық тәртіпті, тұрғындарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келе жатқан адал еңбектеріңіз үшін Абай облысы жұртшылығы атынан алғыс білдіремін»,- деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы Премьер-Министрдің Алғыс хаты мен қоғамдық тәртіпті сақтаудағы қосқан үлесі мен үздік қызметі үшін 5 қызметкерді облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Салтанатты жиын барысында «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалі мен «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі табысталды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзі