Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
535.13 627.44 6.52

Қазақстанда статистика сұрақтары бойынша байланыс орталығы іске қосылды – 1446

6-04-2023, 15:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 1446 байланыс орталығын іске қосты. Бұл нөмірге қалалық және ұялы телефондардан тегін хабарласуға болады.

Байланыс орталығының операторлары Бюро қызметіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша келіп түсетін қоңырауларға жауап беріп, өтініштерді қабылдай алады. Атап айтқанда, Бюро сайты бойынша ақпарат іздеу, статистикалық нысандарды толтыру мен олардың әдіснамасы, статистикалық есептілікті тапсыру кезінде туындайтын техникалық сұрақтар бойынша жүгінуге болады.

Бірыңғай нөмір Бюро жұмысының тиімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және өтініштердің өңделу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Байланыс орталығы жұмыс күндері 9.00-18.30 аралығында жұмыс істейді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив