Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
520.39 609.58 6.63

Аймақ басшысы Барқытбел ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысын аяқтауды тапсырды

Бүгін, 08:33 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында Барқытбел ауылында болды. Елдімекендегі 2021 жылдан бері құрылысы аяқталмай келе жатқан су құбыры желілерінің жағдайымен танысты.

Құрылыс жұмыстары 4 жыл бұрын басталған жобаның бүгінде 60 пайызға жуығы орындалған. 15,3 шақырым су желісі тартылған. Бұл ауылдағы 8 көшенің 5-ін қамтиды. Жалпы ұзындығы 20,7 шақырым болатын су желілері 296 абонентке есептелген. Жоба іске асқанда ауылдың мыңға жуық тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары құдықтан және елді мекен сыртындағы тұмадан су алып отыр.

Өткен жылы жобаны жалғастыру үшін облыстық бюджеттен 64 миллион теңге бөлінген. Жобаны толық аяқтау үшін 180 миллион теңге қаржы қажет. Түзетілген жобалық-сметалық құжаттаманы қайта бекіту үшін бюджеттік өтінім жолданған.

Аймақ басшысы ұзақ жылға созылған жобаны аяқтайтын кездің жеткенін айтты.

«Барқытбел ауылының тұрғындары таза ауыз суды көп жылдан бері күтіп жүр. Қаржы бөлу мәселесін қарастырамыз. Бюджетке енгіземіз»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив